ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
Мандат
Мандатқа сәйкес, Офиске ЕҚЫҰ бірлескен қауіпсіздік бойынша аймақтық кеңістіктегі іс-қимылдарының аясында ЕҚЫҰ барлық үш өлшемдегі қағидаттары мен міндеттемелерін Қазақстанға енгізілуіне қолдау көрсету сеніп тапсырылған болатын. Офис жергілікті және орталық органдармен, университеттермен, ғылыми институттармен, азаматтық қоғам өкілдерімен және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасып келеді. Офис ЕҚЫҰ аймақтық шараларын, соның ішінде аймақтық семинарлар мен ЕҚЫҰ делегацияларының сапарларын ұйымдастыруға жәрдемдесіп тұрады. Офис жергілікті мүдделі тұлғалардың әлеуетін арттыру арқылы және ЕҚЫҰ институттары мен тиісті мемлекеттік органдар арасында ЕҚЫҰ қызметі жөнінде ақпарат алмасымына ықпалдасу арқылы Қазақстан Үкіметіне қолдау көрсетеді. Мұнымен қоса, Офис мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің ЕҚЫҰ құндылықтары, қағидаттары және сырттағы қызметі жөнінде мәліметпен қамтамасыз етудің арттырылуына да өз үлесін қосып келеді.
2022 жылғы 23 наурыздан бастап Қазақстанның астанасы атауының өзгеруіне байланысты Нұр-Сұлтан Бағдарламалар офисі атауы Астанадағы Бағдарламалар офисі атауына өзгертілді. Бұл өзгеріс ЕҚЫҰ Тұрақты кеңесінің 1221-ші пленарлық отырысының журналында бекітілді. Мандат өзгертулерсіз қалды.