Юрий Фенопетов
Юрий Фенопетов 2025 жылдың наурызынан бастап ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисінің басшысының міндетін уақытша атқаруда. 2022 жылдың қыркүйегінде ол ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисіне басшының орынбасары ретінде қосылды. Осы тағайындауға дейін 2018 жылдан 2022 жылдары аралығында ол ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі бағдарламалар Офисінің басшысының аға саяси кеңесшісі болып жұмыс істеді. Ол Австрия азаматы және Австрия тарапынан тағайындалған.
2016 жылдан 2018 жылға дейін ол Австрияның Сыртқы істер министрлігінде түрлі қызметтерде жұмыс істеді, оның ішінде Еуропа Кеңесін қадағалайтын бөлім қызметкері және ЕҚЫҰ бөліміндегі Орталық Азия мен ЕҚЫҰ-ның сайлау байқаушылық қызметін қадағалады. Австрияның 2017 жылғы ЕҚЫҰ-ның төрағалығы кезінде ол Австрияның ЕҚЫҰ-дағы тұрақты өкілдігінде жұмыс істеді, онда оның негізгі міндеті Орталық Азияға қатысты саяси мәселелер бойынша өкілдіктің басшысына кеңес беру болды.
Ол бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының Нашақорлыққа қарсы күрес және қылмыспен күрес басқармасында, Біріккен Ұлттар Ұйымының Ақпарат қызметінде, ЕҚЫҰ-ның Қақтығыстарды алдын алу орталығында (Орталық Азия бөлімінде), ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясында және Орталық Азиядағы есірткіге қарсы бағдарламаларда (Еуропалық комиссия) түрлі қызметтерде жұмыс істеді. Ол Вена дипломатиялық академиясының магистр дәрежесіне ие, сондай-ақ халықаралық қатынастар, халықаралық құқық және тарих бойынша маманданған дипломдық бағдарламасын аяқтаған, сонымен қатар Вебстер университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған. Ол ағылшын, неміс және орыс тілдерінде еркін сөйлейді, сондай-ақ француз тілін меңгерген.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисінің алдыңғы басшылары
2021-2025: Фолькер Фробарт (Германия)
2016-2021: Дьёрдь Сабо (Мажарстан)
2012-2016: Наталия Зарудна (Украина)
2008-2011: Александр Кельчевский (Франция)
2004-2008: Ивар Викки (Норвегия)
2002-2004: Антон Рупник (Словения)
2002-2002: Иштван Венцель (Мажарстан)
2001-2002: Хайнрих Хаупт (Германия)
2000-2001: Херберт Зальбер (Германия)
1999-2000: Ульрих Шёнинг (Германия)