ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
Экономикалық қызмет
Офис экономикалық қауіпсіздікті нығайтуға, шағын және орта кәсіпкерлікке қолайлы іскерлік және жайлы жағдайлар жасау үшін тұрақты даму және тиімді басқару мәселелеріне көңіл бөледі. Офис сыбайлас жемқорлықпен, ақша жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен күрес мәселелері бойынша, сонымен қатар сауданы дамыту, транзиттік және кеден рәсімдерін жетілдіру, энергетикалық қауіпсіздікті күшейту мақсатында Қазақстанның мемлекеттік органдарымен және азаматтық қоғамымен қызмет істейді.