ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
БАҚ еркіндігі мен дамуы

Журналистердің қауіпсіздігін арттыру мақсатында Офис журналистерді мемлекеттік протоколдарға сәйкес баспасөзге арналған жилеттермен қамтамасыз етті. (ЕҚЫҰ) Фотографияны қарау
Жергілікті журналистер желісімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, үкіметпен және азаматтық қоғам сарапшыларымен қызмет істей отырып, Офис қазақстандық медиа-заңнаманы кеңінен қоғамдық талқылауды ынталандырады және оны реформалау жөніндегі үкіметтің күш салуын қолдайды. Офис сонымен қатар журналистердің әлеуетін арттыру бағытында, келесі тақырыптар бойынша оқыту курстарын өткізеді: экономикалық және экологиялық қауіпсіздік; адам құқықтары; терроризмді бұқаралық ақпарат құралдарымен жариялау кезіндегі этикалық ойлар; гендерлік мәселелер; ашықтық; ақпаратқа қол жеткізу және жаңа технологиялық құралдарды пайдалану.