ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шараларын қолдау
2011 жылғы Вена құжаты бойынша аймақтық семинарға қатысушылардың 36-шы десанттық-шабуылдау бригадасына симуляциялық инспекциялық сапары кезінде, Астана, 25 мамыр 2023 ж. (ЕҚЫҰ/Акбота Саржанова) Фотографияны қарау
Офис Қазақстан үкіметіне ЕҚЫҰ-ның сенім мен қауіпсіздік шараларын күшейтуде қолдау көрсетеді. Офис 2011 жылғы Вена құжатын және қауіпсіздіктің әскери-саяси қырларына қатысты Тәлім кодексін ілгері жылжыту арқылы аймақтық тұрғыдан қауіпсіздік саласындағы реформалар мен ынтымақтастықты қолдайды. Сондай-ақ, Офис атқыш және жеңіл қару-жарақтың және әдеттегі оқ-дәрілердің қалдықтарын зарарсыздандыру және жою жұмыстарына қатысады.