ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
Құқық қорғау органдарының жұмысы
Қазақстандық полициямен, құқық қорғау органдарымен, шекара қызметімен және кеден органдарымен қызмет істей отырып, Офис өңірлік қауіпсіздікті және полиция қызметінің демократиялық негіздерін күшейтуге, кибер қылмыскерлікпен, зорлық экстремизммен және терроризммен күресуге бағытталған жобаларды жүзеге асырады, бұл ретте адам құқықтарының сақталуына ерекше назар аударады. Офис Қазақстанның құқық қорғау жүйесінің реформалар үдерісіне халықаралық сараптамалық қолдау көрсетуге көмектеседі. Бүгінгі таңда Офистің мамандары өңірдің құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тәжірибемен алмасуға және трансшекаралық ынтымақтастықты күшейтуге көмектеседі.