ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
Адам саудасымен күрес
Офис Қазақстан үкіметіне адам саудасына қарсы күрес жөніндегі тиімді шараларды жүзеге асыруда қолдау көрсетеді, атап айтқанда, құрбандардың құқықтарын қорғау үшін негіз болатын ұлттық қайта бағыттау тетігін ілгерілетеді. Офис сондай-ақ заңнаманы әзірлеуге және қазақстандық лауазымды тұлғалардың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялардың әлеуетін арттыру және оларды практикалық оқыту бойынша іс-шараларды өткізуге жәрдемдеседі. Оқу іс-шаралары адам саудасына (соның ішінде технологиялар қолданылатын адам саудасы) қарсы күресте алдын алу, қудалау және қорғаудың халықаралық стандарттары мен құралдарын игеруге бағытталған.