Қазақстанда адам саудасына қарсы күрес бойынша екінші ұлттық симуляциялық жаттығу басталды
ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы базасында ЕҚЫҰ ұйымдастырған көші-қон бағыттарындағы адам саудасына қарсы күрес бойынша симуляциялық апталық жаттығу 2021 жылдың 11 қазанында Алматы қаласында басталды.
Іс-шара ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнайы өкілі және координаторының офисімен, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің есірткіге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау жөніндегі бөлімімен, Қазақстандағы БҰҰ БЖКБ өкілдігімен және Қазақстан Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды. Іс-шараға құқық қорғау органдарынан, еңбек инспекциясынан, прокуратурадан, ҮЕҰ, көші-қон және әлеуметтік қызметтерден 30-дан астам маман қатысуда.
Ұлттық деңгейде екінші рет өткізілген бұл жаттығу алдыңғы қатардағы қызметкерлерге адам саудасының нақты сценарийлерін жасау үшін кәсіби актерлерді тарта отырып, адам саудасына қарсы іс-қимыл шараларын модельдеу мүмкіндігін ұсынады. Жұмыс және жыныстық пайдалану жағдайларын ұқсату үшін жалған жезөкшелер үйі, уқалау салоны, құрылыс алаңы және ауылшаруашылық алқабы жаңадан жасалды.
Іс-шара ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің адам саудасына қарсы күресте қабылдаушы елді қолдаудағы және адам саудасына қарсы күрес жөніндегі ЕҚЫҰ іс-қимыл жоспарын енгізудегі көп жылғы күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.