ЕҚЫҰ Қазақстанда адам саудасына қарсы күрес жөніндегі қылмыстық істер бойынша прокуратура қызметкерлеріне оқу семинарын қолдауда
Адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша қылмыстық істерді сотта қадағалауды және мемлекеттік айыптауды қолдауды жүзеге асыру әдістемесі 2021 жылғы 30 маусымда Көкшетау қаласында аяқталған оқу семинарының басты назарында болды.
Екі күндік іс-шараға Ақмола облысы прокуратурасының 16 қызметкерi (11 ер адам, 5 әйел адам) қатысты. Оқу семинарын Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі
Қазақстан Республикасының Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Тренинг барысында Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимылдың қазіргі жай-күйі, адам саудасының құрбандарын анықтау және сәйкестендіру саласында олқылықтар анықтау, сондай-ақ сотқа дейінгі қадағалауда мемлекеттік айыптауды қолдаудың ерекшеліктерін, сот тергеуі және адам саудасына байланысты істер бойынша жарыссөзге қатысу мәселелерін талқылады.
Бұл іс-шара адам саудасына қарсы күресте және ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындауда қабылдаушы елге қолдау көрсету бойынша ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің көпжылдық қызметінің бір бөлігі болып табылады.