ЕҚЫҰ БАҚ пен сот арасындағы диалогты күшейту бойынша оқыту семинарына қолдау көрсетеді
2021 жылдың 6 тамызында Түркістанда ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған сот пен БАҚ арасындағы диалогты күшейту бойынша төрт күндік оқыту семинары аяқталды.
Семинарда қоғаммен байланыс жұмысы, әлеуметтік медиадағы дағдарысты басқару және көпшілік алдында сөйлеу, судьялар мен сот баспасөз хатшыларына арналған практикалық жаттығулар болды. Семинар әлеуметтік желілердегі коммуникация менеджментіне, сонымен қатар контент стратегиясы мен жоспарлауға шолу жасады. Ұлттық медиа-сарапшылар тыңдаушылардың назарын аудару, қарсылықтармен жұмыс істеу, кері байланыс беру және әлеуметтік желілердегі қақтығыстарды шешу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара Қазақстан Руспубликасының Жоғарғы Сотымен серіктестікте ұйымдастырылды, оған Жоғарғы және облыстық соттардың 20-ға жуық өкілі қатысты.
Оқу семинары қоғаммен байланыс пен дағдарысты басқаруға бағытталған тиісті басқаруға қолдау көрсету бойынша Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.