Жаңалықтар
News and press releases
ЕҚЫҰ-ның жаһандық қызметі туралы жаңалықтар мен баспасөз-релиздер
Жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылық туралы істерде зардап шеккендерді қолдауға бағытталған тәсілдерді жетілдіру: Астанада сот рәсімдері мен коммуникациялар бойынша тренинг өтті
Publishing date: 20 наурыз 2025
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
2025 жылғы 13-14 наурызда Астанада «Жыныстық және гендерлік зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді қолдауға бағытталған рәсімдер мен коммуникациялар» тренингі өтті. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі ұйымдастырған іс-шара судьяларды, заңгерлерді, психологтарды және халықаралық сарапшыларды осындай істерді соттарда қараудың үздік тәжірибелерін талқылау үшін жинады.
«Қазақстандағы сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру: жетістіктер мен бастамалар» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел
Publishing date: 6 наурыз 2025
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
28 ақпан 2025 жылы Астанада «Қазақстандағы сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру: жетістіктер мен бастамалар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты мен Сот әкімшілігімен бірлесіп, Польша, Норвегия және АҚШ қаржыландыратын «Қазақстандағы сот жүйесінің тиімділігін арттыру» атты бюджеттік емес жобасы аясында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге сот жүйесінің жоғары лауазымды өкілдері, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар және академиялық қауымдастықтың 100 өкілі жиналып, сот жүйесіндегі негізгі жетістіктер мен болашақ бастамаларды талқылады.
ЕҚЫҰ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне арналған ҰҰА оқу орталығын құру тұжырымдамалық құжатын ұсынды
Publishing date: 6 наурыз 2025
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
2025 жылғы 29 қаңтарда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесі (Кеңсе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне арналған «Ұшқышсыз ұшу аппараттары (ҰҰА) оқу орталығын дамыту» тұжырымдамалық құжатын ұсынды. Бұл маңызды кезең Қазақстанның шекара қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған жоба аясындағы үлкен қадам болып табылады. Жоба заманауи ҰҰА технологияларын қолдану арқылы Қазақстанның шекаралық қауіпсіздік мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді.
Су ресурстарын тұрақты басқару: ЕҚЫҰ Тобыл-Торғай бассейндік кеңесін стратегиялық басқару жоспарын әзірлеуде қолдау көрсетуде
Publishing date: 24 желтоқсан 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Экологиялық қызмет, Water management
2024 жылғы 9 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар Офисі (Офис) Тобыл-Торғай бассейндік кеңесін қолдауға бағытталған екі жылдық жобаның алғашқы кезеңін қорытындылаған іс-шара өткізді. Жобаның негізгі мақсаты – Кеңестің әлеуетін нығайту және су ресурстарын кешенді әрі тұрақты пайдалану үшін стратегиялық басқару жоспарын әзірлеу.
ЕҚЫҰ терроризмді қаржыландыруды қаражат жинау кезеңінде анықтау әлеуетін нығайтады
Publishing date: 23 желтоқсан 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Экономикалық қызмет
2024 жылғы 17-18 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі ұлттық агенттіктермен бірлесе отырып, терроризмді қаржыландыруды қаражат жинау кезеңінде анықтау мәселесіне арналған оқу семинарын өткізді. Семинардың мақсаты – терроризммен байланысты қаржылық қылмыстардың күрделі қатерлеріне қарсы іс-қимыл жасау бойынша Қазақстанның әлеуетін нығайту болды.
Қазақстанның әйел судьялары Қырғыз әйел судьялары ассоциациясының 10-шы конференциясына қатысып өз үлестерін қосты
Publishing date: 19 желтоқсан 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Құқық үстемділігі
2024 жылдың 6-7 желтоқсанында Қырғызстанның Шу облысы, Арал ауылында Қырғыз әйел судьялары қауымдастығының 10-шы жыл сайынғы конференциясы өтті. «Құқықтық әділеттілікті нығайту: тегін заң көмегіне қол жеткізу, сот жүйесіндегі әйелдерді қолдау және гендерлік зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбындағы конференция сот төрелігін реформалау мен гендерлік теңдікке қатысты өзекті мәселелерді шешу үшін Орталық Азиядан заң мамандары мен сарапшылардың басын қосты.
ЕҚЫҰ Қазақстанда төтенше жағдайлар қаупін азайту мақсатында интерактивті карталар мен қауіпсіздік паспорттарын ұсынды
Publishing date: 18 желтоқсан 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Disaster risk reduction, Экологиялық қызмет
2024 жылдың 6 желтоқсанында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі Қазақстан аумақтары үшін интерактивті карталар мен қауіпсіздік паспорттарын әзірлеуге бағытталған екі жылдық жобаның нәтижелерін ұсынды. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі және Төтенше жағдайлар және апат қаупін азайту орталығымен бірлесіп жүзеге асырылды. Мақсаты — табиғи апаттарды бақылау, модельдеу және ерте ескерту мүмкіндіктерін күшейту, сондай-ақ олардың салдарын болдырмау мен азайту арқылы қауіпсіз және тұрақты қауымдастықтарды құру.