ЕҚЫҰ үйдегі киберқауіпсіздік бойынша қазақ тілінде семинарды ұйымдастыруда
Қашан
Қайда
Ұйымдастырушы(лар)
Іс-шараның видео-жазбасын мынадан көруге болады.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі киберкеңістікте қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қазақ тілінде онлайн-семинарды ұйымдастырды. ЕҚЫҰ қолдаған сарапшы және Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының тең басшысы Арман Әбдірасылов Интернеттегі адамдардың өздерін және өздерінің деректерін қорғауға, сондай-ақ онлайн-транзакцияларда алаяқтықты болдырмауға болатын қадамдар туралы презентация жасады.
Іс-шараға жеке сектордың, ғылыми орта мен азаматтық қоғамның 20 шақты өкілі қатысты. Іс-шара киберкеңістіктегі қауіп-қатерлер, соның ішінде қаржылық қылмыстар мен жеке ақпараттың жылыстатылуы сияқты қауіптер туралы хабардарлықты арттыру мақсатында өткізілді. Бұл COVID-19 таралуын болдырмау бойынша қабылданған шараларға байланысты қазіргі кездегі көпшіліктің бір-бірімен байланысуы және Интернет арқылы жұмыс істеуі үшін өздерінің көп уақытын онлайн өткізетінін ескерді.
Бұл іс-шара трансұлттық қауіп-қатерлер, соның ішінде киберкеңістіктегі қауіптер туралы жұртшылықтың хабардарлығын арттыруды ілгерілету бойынша Бағдарламалар офисінің күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.