ЕҚЫҰ байқауы зорлық экстремистік насихаттауды өнер арқылы тойтармақ
БЕРЛИН, 31 мамыр 2016 ж. – Бүгін ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Ламберто Заньер мәлемдегендей, зорлық экстремизмге қарсы қуатты жолдау ұсыну мақсатында ЕҚЫҰ eYeka дарынды жасампаздардың ғаламдық қауымдастығымен бірлесіп дизайн байқауын жариялауда. #LetsDoodle хештегі бойынша байқау суретшілер мен дизайнерлерді зорлық экстремизм насихаттауының астарындағы шектелген, қарама-қайшы ойлауға қарсы тұратын мультфильм кейіпкерін ойлап шығаруға шақырады.
Берлинде 2016 ж. ЕҚЫҰ лаңкестікке қарсы конференцияны ашу рәсімінде байқауды жариялау барысында Елші Заньер былай деді: “Біз іс-әрекеттерімізге жастарды әріптестер ретінде қатыстырып, олардың құрдастары, отбасылары мен қауымдастықтарын зорлық экстремизмге қарсы қорғауда қолдау мақсатында жастардың шығармашылық қабілеті мен қуатын жұмылдыру қажет”.
Қатысушылар жұмыстарын онлайн нысанда 19 маусымға дейін www.osce.org/letsdoodle арқылы жүктей алады. ЕҚЫҰ мамандарынан құралған әділқазылар алқасы таңдаған төрт ең үздік жұмыс жалпы көлемі 3,000 еуро құрайтын жүлделермен марапатталады.
Байқау ЕҚЫҰ барлық 57 қатысушы мемлекет азаматтары, сонымен қатар ЕҚЫҰ аймағындағы азаматтарды қоса алғанда 11 азиялық және жерорталық ынтымақтастық әріптестері үшін ашық. Байқау бойынша толығырақ мәлімет пен қатысу талаптары осы сілтеме бойынша қолжетімді.
Байқау ЕҚЫҰ Зорлық экстремизмге қарсы іс-әрекет (#UnitedCVE) науқаны шеңберінде ұйымдастырылуда. 2015 жылдың маусым айында бастама алған науқан ЕҚЫҰ-ның лаңкестікке әкелетін зорлық экстремизм мен радикализацияға қарсы тұру бойынша кешенді әдістемесін және аталған қатерге қарсы жаһандық ымыраны нығайтуды жариялайды. Байқау бойынша соңғы жаңалықтар үшін науқанның Twitter парақшасына жазылыңыз.