ЕҚЫҰ Қазақстанда қылмыс жолмен табылған табыстарды заңдастыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша оқу семинарын қолдауда
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі 1 және 2 тамыз күндері Алматыда өткен ақшаны жылыстату мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы іс-қтиыл (АЖ/ЛҚҚ) бойынша екі күндік семинарын қолдады.
Беларусьтен, Словениядан және Украинадан келген сарапшылар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің, Қаржылық мониторинг комитеттің, екінші деңгейлі банктердің, сақтандыру компанияларының және бағалы қағаздар нарығының 55 өкілін ашық көздерден ақпарат жинаумен, қаржылық технологиялармен, виртуалды валюталармен және қылмыстық жолмен табылған табыстарды интернет арқылы жылыстату түрлерімен таныстырды.
Сонымен қатар, қатысушылар сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықпен байланысты ақшаны жылыстату схемаларын және ондай тәуекелдерді анықтау, бағалау және азайту әдістерін зерттеді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің және Қаржылық мониторинг жөніндегі Комитеттің өкілдері қылмыс жолмен табылған табыстарды заңдастыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұру бойынша Еуразиялық топ миссиясының алдағы елді өзара бағалауын талқылады. Сонымен қатар, олар халықаралық стандарттарға сәйкестікті арттыру қажет етілетін салаларды анықтап, АЖ/ЛҚҚ бойынша заңдарға алдағы енгізілетін өзгертулерді қарастырды.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елдегі қылмыс жолмен табылған табыстарды заңдастыру мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұруды қажетті басқаруды ілгерілету және қолдау көрсету бойынша көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады. Ол Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен, Қазақстан Ұлттық банкімен, Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігімен және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен ұйымдастырылды.