Дереккөздер
ӘРПК: күрделі тақырып қарапайым тілімен, 2-бөлім. Азаматтардың жолданымымен жұмыс істеу жөніндегі жолбасшы.
Әкімшілік рәсімдік процестік кодексін (ӘРПК) қолдану бойынша екінші брошюра ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің қолдауымен әзірленген және мемлекеттік қызметшілердің азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу бойынша құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Брошюрада әкімшілік іс деген не, әкімшілік іс неге керек, әкімшілік орган азаматтың азаматтың жолданымын қанша уақыт қарайды, әкімшілік істің нақты мән-жайларын қалай зерттеу керек, өтініш берушінің мәселесін қалай шешуге болады, нормативтік-құқықтық актілермен қалай жұмыс істеу керек, тыңдаудың мақсаттары қандай, тыңдаудан кейінгі іс-әрекеттер және әкімшілік актіні қалай негіздеуге болатындығы туралы қысқаша ақпарат бар.
Осы құжатта жарияланған көзқарастар, ой-пікірлер және басқа да ақпарат Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) көзқарасы болып есептелмейді, егер құжаттың авторы ЕҚЫҰ екендігі көрсетілген жағдайда ғана, ол ұйымның көзқарасы болып саналады.