ЕҚЫҰ Қазақстанда Орхус конвенциясын тиімді жүзеге асыру бойынша дөңгелек үстел ұйымдастыруда
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі 2017 жылғы 28 шілдеде Астанада Орхус конвенциясын Қазақстанда тиімді жүзеге асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстелдің өткізілуін қолдады.
Энергетика министрлігімен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шараға мемлекеттік органдары, Орхус орталықтары, экологиялық үкіметтік емес ұйымдар және сарапшылық қоғамдастықтың 30-ға жуық өкілдері қатысты. Қатысушылар тиісті жоспарлау, фандрайзинг мүмкіндіктері мен Орхус конвенциясының қағидаттарын тиімді орындау жолдарын талқылады. Олар сондай-ақ Орхус орталықтарын стратегиялық дамыту жоспарының жобасын қарап шығып, мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.
1998 жылы қабылданған Орхус конвенциясы үш баптан тұрады: ақпаратқа қолжетімділік, шешімдерді қабылдау үдерісіне қоғамның қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша әділеттілікке қолжетімділік туралы. Орхус орталықтарының мақсаты экологиялық мәселелер бойынша диалогты құруда азаматтар, мемлекеттік органдар мен жеке секторды жұмылдыру үшін тұғырнаманы ұсыну болып табылады.
Аталған шара Орхус Конвенциясын Қазақстанда ілгерілетуге бағытталған Бағдарламалар офисінің көп жылдық жұмысының шеңберінде өтті.