Қазақстандық Омбудсмен ЕҚЫҰ-ның қолдауымен жарияланған 2016 жылғы қызметі туралы есебін берді
4 мамыр 2017 жылы Астанада Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің (Омбудсмен) жыл сайынғы есебінің тұсаукесері өткізілді.
80 жуық қатысушы, соның ішінде парламент депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, ғалым-заңгерлер, үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері адам құқықтары ахуалын қадағалауға қатысты мәліметтерді және жыл сайынғы есепке кірген мемлекеттік органдар үшін дайындалған ұсыныстарды талқылады
Есептің қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасын мен жариялануын Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі қолдады. Есеп Омбудсменге келіп түскен ұжымдық және жеке шағымдардың, азаматтарды жеке қабылдау барысындағы әңгімелердің негізінде жасалынды. Ол сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын, мекеменің еліміздің өңірлеріндегі мониторингі материалдарын, мемлекеттік емес және халықаралық құқық қорғау ұйымдарының өкілдерімен, шетелдік әріптестермен кездесулерін, мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекетін, сондай-ақ Уәкілдің мекемесі жүргізген зерттеулерді қамтиды.
Іс-шара Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары аймақтық басқармасының қолдауымен ұйымдастырылып, Қазақстандағы адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық мекемелердің әлеуетін нығайту бойынша ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.