ЕҚЫҰ Орталығы полицияға Қазақстандағы киберқылмыспен күресуге ықпалдасуда
2013 жылдың 3 желтоқсанында Астана қаласында құқық қорғау органдарының қызметкерлері үшін ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған киберқылмыспен күресуге арналған үш күндік оқыту семинары басталды.
Бүкіл ел аумағынан жиналған 17 полицейге арналған шараны Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы ұйымдастырды. Тренингтің мақсаты – полицейлердің киберқылмысты тергеу және алдын алу бойынша әлеуеттерін арттыру.
Киберқылмыспен жүргізілетін күрестің құқықтық та, техникалық та аспектілеріне, ұйымдастырылған қылмыстық топтардың озық ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заңсыз пайдаланылуының жолын кесуге бағдар алған тренингті киберқылмыспен күрес жөніндегі халықаралық сарапшылар өткізді.
Сарапшылар киберқылмысты тергеудің және соттық қудалаудың үздік тәжірибесін, атап айтқанда қылмыстардың криминологиялық сипаттамалары, электрондық дәлелдерді өңдеу, компьютерлерді техникалық сараптау және тергеу амалдарын жүргізу әдістемесі мәселелерін талқылады.
ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, елші Наталья Зарудна ханым киберқылмыспен күресудің техникалық және заңнамалық шаралары ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуына қарай жетілдіріліп отыруы қажет екенін атап өтіп, мұның әсіресе, осындай күрестің тергелуі мен алдын алынуына жауапты тұлғаларға, осындай істермен сотта жұмыс істейтіндерге қатысты екенін айтты.
Аталмыш тренинг ЕҚЫҰ Орталығының Интернет желісін қылмыстық мақсаттарда пайдаланылуын алдын алу, ақшаның жылыстатуымен күресу және қаржылық терроризмге қарсы іс-қимылдар қолдану бойынша жүргізіп отырған жұмыстарының бір бөлшегі болып табылады.