ЕҚЫҰ орталығы Қазақстанда жемқорлыққа қарсы бағытталған заңнаманы талқылауды қолдауда
АСТАНА, 29 сәуір 2013 жыл – бүгін ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстан парламентінде сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі заң жобасына арналған сарапшы дөңгелек үстелі өткізілді.
Іс-шараға Қазақстанның парламенті мүшелері, жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі мемлекеттік органдар өкілдері, азаматтық қоғам өкілдері және халықараылқ сарапшы-мамандар қатысты. Олар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң жобасының ережелерін талқылаудан өткізіп, алдын алу шараларына ерекше көңіл бөлді. Сонымен қатар қылмыстық және әкімшілік заң бұзушылықтар туралы, аталған заң жобасының халықаралық ережелерге және басқа заңдарға, оның ішінде Қазақстанның қылмыстық кодексіне сәйкестілігі туралы сөз қозғалды. Талқылау қорытындысы бойынша заң жобасының ережелерінде көрініс табатын бірқатар ұсыныстар қабылданды.
«Талқылауды қолдай отырып, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресіндегі жігерін қолдауға шақырады», - деп айтты Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Наталья Зарудна. Ол Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Орталығының жемқорлыққа қарсы күрестегі ұлттық бағдарламаларды іске асыруда толыққанды қолдау көрсетуге ұмтылатындығы және бұл салада ЕҚЫҰ-ның стандарттарын сақтауды қамтамасыз ететіндігі туралы атап өтті.