ЕҚЫҰ және БҰҰ ЕҚБ қазақстандық тренерлерді террористік қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша оқытуда
Терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстанның әлеуетін нығайту 2019 жылдың 22 және 23 шілдеде Венада ЕҚЫҰ Хатшылығында өткен екі күндік жаттықтырушы-курстардың мақсаты болды. Іс-шараны ЕҚЫҰ-ның Трансұлттық қауіптер департаменті, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және БҰҰ есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының ақшаны жылыстатуға қарсы Жаһандық бағдарламасы ұйымдастырды.
Курс лаңкестік желілерді қаржыландыруды тоқтатуға және террористтер мен террористік ұйымдарды БҰҰ-ның тиісті санкциялар режиміне сәйкес санкцияларға жатқызуға бағытталған. Оқу процесі нақты жағдайларға негізделген локализацияланған сценарийлерге шоғырланған. ЕҚЫҰ және БҰҰ ЕҚБ халықаралық сарапшылары және де курсқа қатысқан алты ұлттық жаттықтырушылар өз еліне оралғаннан кейін қазақстандық қатысушыларға арналған оқу курстарын өткізуді жалғастырады.
Курс қатысушыларға ведомствоаралық ынтымақтастықтың жақсаруы террористік қаржылық желілерді анықтауға және жоюға қалай көмектесетінін түсінуге көмектесті. Онда терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру қабілетін едәуір жақсартатын нақты құралдар мен әдістер туралы айтылды. Бұл іс-қимыл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті шешімдері мен ЕҚЫҰ міндеттемелерін орындауға көмек көрсету және Орталық Азиядағы ұлттық күш-жігерді қолдау бойынша әлеуетті дамытудың кешенді бағдарламасының бөлігі болып табылады.