Қазақстандық жаттықтырушылар ЕҚЫҰ және БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен ұйымдастырылған терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша тренингтерден өтті
2019 жылдың 6-7 наурызда Вена қаласында ЕҚЫҰ Трансұлттық қауіптер департаменті Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен және Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыспен күрес жөніндегі жаһандық бағдарламасымен бірлесіп, ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) қолдауымен терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі қазақстандық тренерлер үшін екі күндік тренинг өткізді.
ЕҚЫҰ Хатшылығының ғимаратында өткен курсты халықаралық сарапшылар басқарды және Қазақстанға бейімделді. Оған ел мен аймаққа арналған сценарийлер кірді.
Курстың бес қатысушысы ЕҚЫҰ, БҰҰ ЕҚБ және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі еуразиялық топтың халықаралық сарапшыларымен бірге Қазақстанға оралғаннан кейін жергілікті шенеуніктер үшін оқу курстарын өткізеді.
Оқу бағдарламасы ақпарат көздері, істі қарау, тергеу, терроризмді қаржыландыруда коммерциялық емес ұйымдардың теріс қылықтарын болдырмау және шетелдік террористік күрескерлер сияқты бағыттарды қамтыды.
Жаттықтырушы курсы ЕҚЫҰ мен БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азиядағы терроризмге қарсы ұлттық күш-жігерді қолдау жөніндегі әлеуетті дамыту жөніндегі көпжылдық бағдарламасының бөлігі болып табылады.