ЕҚЫҰ Астанада АКТ киберқауіпсіздігі және қауіпсіздігі мәселелері бойынша субөңірлік оқу шарасын ұйымдастырады
2017 жылдың 12 – 13 желтоқсанында Астана қаласында ЕҚЫҰ-ның Трансұлттық қатерге қарсы әрекеттер жөніндегі Департаментінің Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен бірлесіп ұйымдастырылған өңірлік және халықаралық қауіпсіздік контексінде АКТ киберқауіпсіздігі және қауіпсіздігі рөліне арналған екі күндік субөңірлік оқу өткізілуде.
Тренинг барысында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Молдовадан келген 40-қа жуық шенеуніктер мен сарапшылар ЕҚЫҰ-ның қатысушы мемлекеттерінің арасында кибер тұрақтылықты нығайту бойынша, оның ішінде тиімді ұлттық ведомствоаралық үйлестіру және дайындық, сондай-ақ ықтимал түсініспеушіліктерді болдырмау мақсатында үкіметтер арасында халықаралық ынтымақтастық тетіктерін іске асыру арқылы практикалық шараларды талқылайды.
«Әлемдегі бірде бір ел киберқатермен жеке түрде күресуге қабілетсіз. Бұл технологиялық дамудың күннен күнге өсіп келе жатқан проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастыққа зәру екендігіміздің тағы бір себебі болар», – деді Қазақстанның Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы елші Дьердь Сабо: «Интернетті пайдалану олармен жасалатын мүмкіндіктерімен және қиындықтарымен қоса барлық әлем бойынша ұлғаюын жалғастырады. Бұндай жағдайда біз артта қалмауымызға жол бермеуіміз қажет және нақты іс-әрекеттерді қолданылуымыз тиіс», - деп атап өтті.
Субөңірлік тренинг саясаттың субөңірлік айырмашылығын және киберқауіпсіздігінің және АКТ қауіпсіздігінің мүмкіндіктерін ескере отырып, киберқауіпсіздігі және АКТ қауіпсіздігі саласында сенімді нығайту бойынша шаралар жөнінде хабардар болуды енгізу және арттыру тиімділігін арттыруға бағытталған ЕҚЫҰ жобасының бір бөлігі болып табылатын тәжірибелік оқу шараларының топтамасында екінші болды.