Қазақстандағы ЕҚЫҰ семинары лаңкестердің шекарадан өтуін алдын алуға бағытталған
АСТАНА, 2016 ж. 2 маусым – Бүгін Астанада Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Ашық кілттер директориясы (ИКАО АКД) паспорт тексерудің технологиялық жетілдірілген жүйесін пайдалануға арналған ЕҚЫҰ қолдауындағы семинар аяқталды.
Биометриялық паспорттардың электронды қауіпсіздік қызметінің ұтымды тексеруін қамтамасыз ететін көпжақты техникалық тұғырнама болып табылатын ИКАО АКД жүйесімен танысу мақсатында екі күндік семинар жұмысына Қазақстанның сәйкесінше көші-қон және шекара қызметі мекемелерінің сарапшылары қатысты.
ЕҚЫҰ Трансұлттық қатерлерге қарсы іс-әрекет бойынша департаментінің Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен ынтымақтастықта ұйымдастырған талқылау Қазақстанда АКД енгізудің жетістіктері мен сын-қатерлері, сонымен қатар жүйенің соңғы жаңартылуы мен даму жағдайы мәселелеріне шоғырланды.
ИКАО АКД мүшелігі халықаралық лаңкестікпен күрес және лаңкестердің трансшекаралық өтуін болдырмау бойынша алдын алу әдістемесі болуда, себебі аталған әрекет электронды паспорт түпнұсқалығының тез әрі ұтымды көпжақты расталуын қамтамасыз етеді.
ЕҚЫҰ хабардарлықты арттыру немесе мүшелікке ниет білдіруші мемлекеттер қатысуын қолдауға бағытталған нақты семинарлар ұйымдастыру арқылы мүшелер санын ұлғайту мен ИКАО АКД ұтымды қолданылуы жолында жұмыс атқаруда. Қазақстан 2008 жылдан бері ИКАО АКД мүшесі болып табылады.
2009 жылы ИКАО АКД дамыту бойынша ЕҚЫҰ Министрлер кеңесі шешімінің қабылдануы кезінен бастап, аталған семинарлар Албания, Армения, Молдова, Қырғызстан, Түрікменстан, Өзбекстан мен Тәжістанда ұйымдастырылған болатын.
Жол құжаттарының қауіпсіздігі ЕҚЫҰ бағдарламасы жөніндегі ақпарат келесі сілтеме бойынша қолжетімді: www.osce.org/ru/secretariat/76261