ЕҚЫҰ Париж принциптері және адам құқықтары туралы есеп беру бойынша үш күндік оқыту семинарын қолдайды
2021 жылғы 5 қарашада ЕҚЫҰ қолдауымен Адам құқықтарын ынталандыру және қорғау жөніндегі ұлттық институттардың мәртебесіне қатысты қағидаларға (Париж қағидалары, 1993 ж.) және адам құқықтары жөніндегі баяндаманы жазуға арналған үш күндік оқыту семинары өтті. Шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықпен бірлесіп ұйымдастырды.
Шара Париж қағидаларына, Омбудсменнің тәуелсіздігі мен тиімділігіне, ұлттық құқық қорғау мекемесінің қызметтері мен оның құрылымына, сондай-ақ тиімді есеп беру және БАҚ, азаматтық қоғам және халықаралық қауымдастықпен өзара әрекеттесу мәселелеріне арналды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы атынан 13-ке жуық қатысушы қатысты. Олар мақсатты аудиторияны анықтау, негізгі хабарламалар және адам құқықтары туралы есептерді жазу жөнінде талқылады. Олар сондай-ақ қоғаммен қарым-қатынас әдістерімен танысты.
Семинар Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елге адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын нығайтуда қолдау көрсетудегі жұмысының бір бөлігі болып табылады.