ЕҚЫҰ COVID-19 пандемия кезінде Қазақстандағы сот төрелігіне қол жеткізу туралы дөңгелек үстелді қолдайды
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен ынтымақтаса отырып, 2021 жылғы 8 қазанда COVID-19 пандемия кезінде сот төрелігіне қол жеткізу бойынша онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырды.
138 жуық қатысушы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Бас прокуратурасының, Әділет министрлігінің өкілдері, профессорлар, заңгерлер, Парламент депутаттары және азаматтық қоғам өкілдері, сондай-ақ жергілікті және халықаралық сарапшылар COVID-19 кезінде заңгерлер мен судьялар тап болатын ағымдағы мәселелерды талқылады. Іс-шара сот істерін онлайн режимінде қарауды талқылауға және озық тәжірибеге мүмкіндік берді.
Қатысушылар пандемия кезінде сот төрелігіне қол жетімділікті арттыру бойынша ұсыныстар жасады. Төрт ұлттық және төрт халықаралық сарапшы сот жүйесіндегі цифрлық коммуникацияның рөлі туралы пікірлерімен бөлісті.
Дөңгелек үстелдегі талқылау пандемия кезінде сот төрелігін "онлайн" жүзеге асыруға, тиісті ақпарат алмасуға және сот процестеріндегі барлық тараптар арасындағы байланысқа, сот істерінің ашықтығына, шешімдер қабылдауға және алынған сабақтарға бағытталған.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елдегі заңның үстемдігін нығайту және сот төрелігі реформасын қолдау жөніндегі көпжылдық қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.