ЕҚЫҰ Арал өңіріндегі ауыл әйелдеріне арналған дәстүрлі киіз жасау жөнінде тәжірибелік тренингті қолдайды
2021 жылдың 25 қыркүйегінде Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қызылорда облысы Арал қаласында, Арал өңіріндегі ауыл әйелдеріне арналған дәстүрлі киіз жасау жөнінде алтыкүндік курсты аяқтады.
Тренинг Халықаралық Аралды құтқару қорымен (ХАҚҚ) және «Арал әйелдері» қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастықта өткізілді.
Оқу курсы 13 қатысушыға киіз шикізаттан бұйымдар жасау бойынша теориялық және тәжірибелік білім берді. Сондай-ақ олар жүн қасиеттері және киіз жасау технологиясы, кәсіппен айналысу кезіндегі тұрақтылық қамтамасыз ету тәсілдері туралы білім алды. Тренингтен кейін қатысушылар киіз бұйымдарын өз бетімен жасай алды.
Кейінгі іс-шара ретінде сол топ бизнес ашу және жүргізу негіздерін, сонымен қатар қаржы басқару және тайм-менеджмент негіздерін үйренеді.
Бұл іс-шара қабылдаушы елде қауіпсіздікті, тұрақтылықты және тұрақты дамуды қамтамасыз етудің кешенді құралы ретінде гендерлік мәселелікті есепке алу және әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту бойынша бастамаларды алға бастыру жөніндегі Бағдарламалар офисі жұмысының бір бөлігі болып табылады.