ЕҚЫҰ адам саудасымен күресу/лаңкестікті қаржыландырумен күресу жөніндегі оқу бағдарламаларын бастайды
Ақшаны жылыстатуға және адам саудасына қарсы әрекет жасау туралы екі бейнекурс ЕҚЫҰ қолдауымен 2021 жылдың 20 қыркүйегінде шығарылды. Қазақстандағы АҚШ елшілігімен бірге әзірленген оқу бағдарламасы Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының оқу әлеуетін арттыруға бағытталған.
10 ұлттық сарапшы құқық қорғау органдары өкілдерінің қаржылық қылмыстарды және адам саудасын тергеу мен соттық қудалау бойынша біліктілігін арттыруға бағытталған бейнекурстарды дайындауға қатысты. Бұл материалдар Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қашықтан оқыту жүйесінің оқу бағдарламасына кіруі тиіс.
Ақшаны жылыстатумен күресу туралы курсқа жеті модуль кіреді, ол ашық дереккөздерден алынған ақпаратты пайдаланумен және қылмыстық кірістерді шетелден іздеу, шығарып алу мен тәркілеуге арналған құралдарды қолданумен, ақшаны жылыстатумен күресу туралы тақырыптар шолуды ұсынады.
Адам саудасымен күресу туралы курс бес модуль мен 36 бейнесабақтан тұрады. Онда адам саудасына қатысты қылмыстарды тергеу, соттық қудалау және оларды болдырмау туралы ақпарат бар.Әзірленген оқу бағдарламалары қабылдаушы елдегі тиісті басқаруды алға бастыру, адам саудасымен күресу, ақшаны жылыстатумен және лаңкестікті қаржыландырумен күресу жүйесін дамыту жөніндегі Бағдарламалар Офис жұмысының бір бөлігі болып табылады.