Ақтауда шекара қызметінің сүңгуірлері үшін ЕҚЫҰ су асты қауіпсіздігіне баса назар аудара отырып, оқыту өткізді
Ақтау қаласында 2021 жылғы 23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің сүңгуірлеріне арналған су асты қауіпсіздігі бойынша үш апталық оқу курсы аяқталды.
Оқу курсы Шекара қызметі Жағалау күзеті мамандарының су асты ортасындағы трансұлттық қатерлерге қарсы іс-қимыл саласындағы кәсіби біліктілігін арттыруды мақсат етті. Сертификатталған қазақстандық сүңгуір-нұсқаушы Жағалау күзетінің жиырма екі сүңгуірінен тұратын топты сүңгуірлік жұмыстардың жалпы нормалары мен ұлттық стандарттарымен, әртүрлі су орталарындағы су асты іс-шараларының ерекшелігімен, сондай-ақ әртүрлі тереңдіктегі сүңгуірлік жұмыстар үшін жеке қорғану мүмкіндіктерімен таныстырды.
Қатысушылар бассейнде және ашық теңізде көптеген практикалық жаттығулар жасады. Сондай-ақ, қатысушыларға сүңгуірлік жабдықтар мен жабдықтардың әр алуан түрлерін: ашық тыныс алу жүйесін (акваланг) және ауаны бақылау жүйесін, арнайы сүңгуір шлемі бар автономды сүңгуірлік аппараттарды қолданудың тиісті тәртібі үйретілді.
«Тренинг нәтижесі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі сүңгуірлерінің жаңа кәсіби дағдыларды игеруі болды, бұл су асты ортасында шекара қауіпсіздігін күшейтуге, сондай-ақ теңіздегі трансұлттық қатерлерге қарсы тұрудың жалпы деңгейін арттыруға ықпал етеді», - деді сүңгуір-нұсқаушы Антон Черепанов.
Маңғыстау облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің корабльдер мен катерлерді қамтамасыз ету басқармасының бастығы Мұхтар Елеуов: «Сүңгуір ісі — бұл су асты ортасында мемлекеттік шекараны қорғау сияқты алуан түрлі міндеттерді шешуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі жұмысының жаңа және келешегі зор бағыты»,- деп атап өттң.
Бұл іс-шара шекара қауіпсіздігін күшейту және шекараны қорғауды ұйымдастыру, сондай-ақ трансұлттық қатерлерге қарсы іс-қимыл бөлігінде қазақстандық Шекара қызметінің әлеуетін арттыру жөніндегі Бағдарламалар офисінің көп жылдық іс-шаралар кешеніне жатады.