ЕҚЫҰ жас мамандар үшін су ресурстары тақырыбы бойынша Қазақстанның оңтүстігіне тур ұйымдастырды
7 және 12 маусым аралығында ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі су ресурстары жөніндегі жас мамандар үшін Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарының су құрылыстары бойынша тур ұйымдастырды. Тур Халықаралық Аралды құтқару қорымен (ХАҚҚ) бірлесе отырып өткізілді.
Оған Алматыдан, Шымкенттен және Қызылордадан, су шаруашылығы саласында маманданатын 14 бакалавр студенті мен оқытушы (9 әйел және 5 ер адам) қатысты. Олар су тапшылығы мәселесі ерекше өткір болып тұрған және климаттың өзгеруі мен халық санының өсуінен бөлек, сумен қамту мәселесі де ағыс бойынша жоғары орналасқан елдерге тәуелді, Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі он негізгі гидротехникалық құрылысты аралады.
Қатысушылар су құрылыстарының техникалық сипаттамалары, олардың мақсаты туралы біліп, оларды пайдалану қауіпсіздігі мәселелерін зерттеді. Сондай-ақ, олар су ресурстарын трансшекаралық контекстте басқарудың экологиялық аспектілерімен және климаттың өзгеруінің су қауіпсіздігіне тигізетін салдарымен танысты.
Іс-шара Офистің су ресурстарын басқарудың тиімді жүйелерін ілгерілету және стихиялық және антропогендік зілзалалардың қатерлерін азайту жөніндегі жұмысының бір бөлігі болып табылады.