ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы күдікті операциялар туралы хабарламалармен жұмыс жөніндегі семинарды қолдайды
2021 жылдың 14 мамырында Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ қолдауымен күдікті операциялар туралы хабарламалармен (КОХ) жұмыс жөніндегі екі күндік оқыту семинары аяқталды.
Гибридті форматта өткен іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық банктің және екінші деңгейдегі банктердің 180 жуық өкілі қатысты.
Словения мен Хорватиядан қатысқан халықаралық сарапшылар ЕҚЫҰ өңіріндегі КОХ байланысты озық практикаларына қатысты өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар қызметті ерекше және күдікті операция ретінде жіктеуге арналған индикаторларды талқылады. Сарапшылар сондай-ақ ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау, тәуекелдерді басқару жүйесінің құралдары және уәкілетті органдарға жіберілетін КОХ сапасын қамтамасыз етуге байланысты аспектілер сияқты тақырыптарға сөз сөйледі.
Оқыту семинарының әр күні Қазақстандағы жағдаяттық талдаумен аяқталды. Ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі ұлттық заңнамаға бұрын жүргізілген талдамалық шолудың негізінде сарапшылар құқықтық ағаттықтарды анықтап, кемшіліктерді елдің ерекшелігін ескере отырып жою бойынша ұсынымдар берді.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі іс-шараны Қаржы мониторингі агенттігімен ынтымақтастықта Ақшаны жылыстатумен күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) стандарттарына сәйкес қабылдаушы елдің заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жүйесін тиісінше басқаруды ілгерілету мен жақсарту бойынша Офистің көп жылғы күш-жігерінің шеңберінде ұйымдастырды.