ЕҚЫҰ Шу және Талас өзендерінің алабында су сапасының трансшекаралық мониторингін қолдайды
27-30 сәуір аралығында Жамбыл облысында Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазгидромет қазақстандық гидрометеорологиялық қызметімен бірлесіп Шу және Талас өзендерінің трансшекаралық алабында жерүсті суларының сынамаларын төрт іріктеуінен құралатын топтамасындағы бірінші іріктеуін бастады. Қазгидромет мамандарының 16 әртүрлі орыннан алған су сынамалары Тараздағы Қазгидрометтің жергілікті зертханасына олардың физикалық және химиялық құрамын зерттеу үшін жеткізіледі.
Су сапасын бағалаудың негізінде Қазгидромет сарапшысы ЕҚЫҰ қолдауымен Шу және Талас өзендерінің алаптарындағы су сапасының жай-күйі туралы аналитикалық есепті дайындайды және оны Үкіметаралық Шу-Талас су шаруашылығы Комиссиясының отырысында ұсынады. Осы сияқты зерттеуді Қырғызстанның гидрометеорологиялық агенттігі Бішкектегі ЕҚЫҰ Бағдарламалық офисінің қолдауымен жүргізетін болады.
Шу-Талас су шаруашылығы Комиссиясы Қазақстан мен Қырғызстанның арасында Шу және Талас өзендерінің су ресурстарын үлестіру және мемлекетаралық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарын тиімді пайдалануды қолдау бойынша екі жақты ынтымақтастыққа себепші болады.
Жоба Офистің су ресурстарын тиісінше басқару мәселелерінде мемлекеттік институттардың әлеуетін арттыру және трансшекаралық су диалогында ашықтықты және ақпаратпен алмасуды жақсартуға үлес қосу бойынша көпжылдық еңбегінің бір бөлігі болып табылады.