ЕҚЫҰ Қазақстандағы қоршаған ортаға әсерді бағалау және стратегиялық экологиялық бағалау туралы хабардарлықты арттыру жөніндегі семинарды қолдауда
2021 жылғы 2 сәуірде ЕҚЫҰ-ның қолдауымен Эспо конвенциясы және және оның стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) жөніндегі хаттамасы ретінде белгілі, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) туралы конвенциясына сәйкес қоршаған ортаға әсерді бағалау және стратегиялық экологиялық бағалау жүйелерін тиімді қолдану бойынша үш күндік онлайн семинар аяқталды.
Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі БҰҰ ЕЭК-пен, БҰҰ PAGE бағдарламасымен (жасыл экономика бойынша іс-қимылдарға арналған әріптестік) және Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, өңірлік экология департаменттерінің, Орхус орталықтарының, үкіметтік емес ұйымдардың 55-ке жуық өкілі, ұлттық және халықаралық сарапшылар Қазақстанда ҚОӘБ мен СЭБ-ның жаңа рәсімін енгізу жолдарын талқылады. Эстония мен Польшадан шақырылған сарапшылар ҚОӘБ және СЭБ өткізудің халықаралық тәжірибесін ұсынды. Қатысушылар консультациялар процесімен, сондай-ақ әзірленген құжаттарды тексеру және кейіннен мониторинг тәсілдерімен танысты.
Аталған семинар экологиялық қауіпсіздікті нығайту үшін жасыл өсу және тұрақты даму қағидаттарын ілгерілету бойынша Офистің көпжылдық күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.