Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстанда ақша жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі оқыту семинарын қолдайды
Ақшаны жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен күрес жөніндегі қаржылық шараларды әзірлеу жөніндегі тобының (ФАТФ) стандарттарына Қазақстанның сәйкестігін Еуразиялық топтың (ЕАТ) өзара бағалауының жоспарланып отырған екінші раундына ЕҚЫҰ қолдау көрсетіп отырған үш күндік семинар 2020 жылғы 25 қарашада Алматы қ. аяқталды.
Гибридтік форматта өткен шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Қаржы мониторингі комитетінің және Ұлттық банктің 35-ке жуық өкілі қатысты.
Ресей Федерациясынан, Өзбекстаннан, Беларусьтан және Украинадан келген халықаралық сарапшылар ФАТФ Ұсынымдарына сәйкес мемлекеттің АЖ/ТҚҚІ жүйесіне техникалық сәйкестігін және оның тиімділігін көрсету бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ олар АЖ/ТҚҚІ тәуекелдерін ұлттық бағалау саласындағы үздік тәжірибелерге, АЖ/ТҚҚІ саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастыққа және жеке меншік сектормен тиімді серіктестікті құруға тоқтала кетті.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және Қаржылық мониторинг комитетімен бірлесе отырып, Офистің тиісінше басқаруды ілгері шығару және қабылдаушы мемлекеттің АЖ/ТҚҚІ жүйесін жақсарту бойынша көпжылдық еңбегінің аясында ФАТФ стандарттарына сәйкес іс-шара ұйымдастырды.