ЕҚЫҰ Қазақстанда гендерлік зорлықты болдырмау және әйелдердің әділ сотқа қол жетімділігін арттыру халықаралық онлайн-конференциясын қолдауда
«Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-әрекеттің 16 күндігі» халықаралық науқанының аясында ЕҚЫҰ ұйымдастырған «Гендерлік зорлықты болдырмау және әйелдердің әділ сотқа қол жетімділігін арттыру» атты халықаралық онлайн-конференциясы 26 қарашада аяқталды.
Конференция Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның қолдауымен Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро, Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» құрылымы, БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қоры және #НеМолчиKZ қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды. Конференцияға 80 ұлттық комиссия мүшелері, орталық мемлекеттік органдар, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссиялар, үкіметтік емес ұйымдар және халықаралық ұйымдар өкілдері, сонымен қатар дағдарыс орталықтарының жетекшілері қатысты.
Кездесуде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудың қазақстандық және халықаралық тәжірибесі, оны ведомстволардың елеуі, дағдарыс орталықтарының қызметі, COVID-19 пандемиясы кезінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеу үшін жасалатын тиімді шаралар сөз болды.
«Мемлекеттің маңдайалды міндетінің бірі — зорлықпен күрес. Отбасындағы зорлық-зомбылық қоғамға кері әсер етеді. Қазақстанда бүгінде қолға алынып жатқан шараның бәрі қоғамда әйелдер мен балалардың құқығына қол сұғуды түбегейлі жою үшін жасалып жатыр» Ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Рамазановаға aлғашқы сөз кезегі деп атап өтті.
«Қазақстанда отбасындағы кикілжіңге байланысты полицияға күніне 500-ден аса шағым келіп түседі. Қоғамның міндеті сол — мемлекеттің, халықаралық қорларды, үкіметтік емес ұйымдардың көрсетіп жатқан көмегін әр отбасына жеткізу. Зорлық көргендермен ғана емес, агрессорлармен де кешенді әрі жүйелі жұмыс жүргізу керек. Зорлықтың тамырын бірлесіп қана үзуге болады», - дейді құқық қорғаушы, #НеМолчиKZ халықаралық қозғалысы көшбасшыларының бірі, конференция ұйымдастырушысы Дина Смаилова.
Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы өзінің қызметін атқару кезінде ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар кеңсесі 2020 жылы Қазақстанның сегіз аймағындағы дағдарыс орталығының әлеуетін арттыруда. Бұл жерлерде қосымша орындар бөлініп, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болғандарға жан-жақты көмек көрсететін мамандар тартылады.
Бұл іс-шара Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елге және азаматтық қоғамға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күресте қолдау көрсету бойынша ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.