Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстанда құқық қорғау органдарын киберқылмыстарды тергеуге қатысты оқытуда
Төрткүндік киберқылмыстарды тергеу практикалары бойынша онлайн оқыту семинары 2020 жылдың 12 қарашасында Нұр-Сұлтанда аяқталды. Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Бас Прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен/ Жаһандық қауіптерге қарсы тұру хабымен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинарға Қазақстанның барлық аймағынан 30-ға жуық құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Беларусь халықаралық сарапшылары қатысушыларды киберқылмыстарды анықтау мен тергеудің озық тәжірибелерімен таныстырды. Цифрлық криминалистикалық құралдарды қолдана отырып, тиісті дәлелдемелермен талдамалық жұмыс туралы, сондай-ақ банктік шоттарға кибершабуылдардың нақты қылмыстық істерін қарау туралы нұсқаулық берілді. Қатысушылар сонымен қатар күдіктілерді анықтау және оларды ұстау, электронды дәлелдемелерді алу және зардап шеккен соманы анықтау анықтау бойынша жәбірленушілермен жұмыс жасауды үйренді.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің Қазақстандағы киберқылмысқа қарсы тұру үшін мүдделі құқық қорғау органдарын құру жөніндегі көпжылдық күш-жігерінің бөлігі болып табылады.