ЕҚЫҰ қаржы пирамидаға қарсы тұру және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша оқыту вебинарын қолдауда
2020 жылдың 18 қыркүйегінде ЕҚЫҰ қолдауымен қаржылық пирамидаларға қарсы күрес және қарапайым халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың практикалық аспектілері бойынша бір күндік оқыту вебинары аяқталды.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен серіктестікте онлайн-шара ұйымдастырды.
Агенттіктің 20-ға жуық өкілі қаржылық алаяқтық схемаларымен күресудің қолданыстағы тәжірибесіне арналған вебинарға қатысты. Ресей Федерациясының сарапшысы қаржы нарықтарын реттеудегі кемшіліктерді жою, алаяқтық схемаларына қарсы бақылау аспектілері және халықтың қаржылық сауаттылығын арттырудың практикалық аспектілері сияқты тақырыптарға тоқталды. Сарапшы Понци схемалары мен қаржылық пирамидаларға қарсы күрестің іргелі аспектілеріне ерекше назар аударды.
Бұл оқыту вебинары Бағдарламалар офисінiң тиісті басқаруды ілгерілету мақсатымен атқарылып келе жатқан көпжылдық жұмысының нәтижесі болып, ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.