Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі сөз бостандығы және диффамацияны сот арқылы реттеу бойынша онлайн семинарды бірлесіп ұйымдастыруда
![](https://www.osce.org/files/imagecache/10_large_gallery/f/images/hires/5/c/467154.png?1602670438)
2020 жылдың 10 қазанында ЕҚЫҰ қолдауымен сөз бостандығын қорғау және диффамация істерін сот арқылы реттеу бойынша Нұр-Сұлтанда семинар өткізілді. Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі бұл іс-шараны Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясымен (Академия), «Құқықтық медиа-орталығы» ҮЕҰ, Интерньюс Қазақстан және АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігімен (USAID) бірлесе ұйымдастырды. Семинарға Академияның 55-ке жуық магистранттары қатысты.
Халықаралық сарапшы Ресей Федерациясында диффамация институты және заң жүйесіндегі беделді қорғау, диффамация мен адам құқықтары арасындағы байланыс және халықаралық стандарттарды қолдану туралы презентация жасады. Қатысушылар бірнеше практикалық істерді, беделді және диффамацияны сот арқылы қорғаудың негізгі элементтері қарастырды. Сарапшы сонымен бірге Ресей Федерациясы мен Қазақстанның заңнамаларын салыстырып, қатысушылармен сот тәжірибесін жетілдіру жолдарын талқылады.
Іс-шара ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ бостандығы мен сөз бостандығын ілгерілету жөніндегі Офис қызметінің бір бөлігі болып табылады.