Көшбасшылық, әйелдердің саяси өмірге қатысуы және көпшілік алдында сөйлеу дағдылары ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстанда өткен вебинардың басты назарында
2020 жылғы 16-19 қыркүйекте Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен, Қазақстандағы «Әйелдер-БҰҰ» офисімен және ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросымен (ДИАҚБ) ынтымақтастықта саясаткер әйелдер мен саяси белсенді болуға ұмтылатын әйелдер үшін онлайн-іс-шара ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты - қатысушылардың көшбасшылықтың негізгі компоненттерін, тиімді саяси науқандардың құралдары мен стратегияларын жақсы түсінуін дамыту, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу және тиімді коммуникация дағдыларын игеру және пысықтау. Іс-шараға саяси партиялардың, академиялық орта мен азаматтық қоғам ұйымдарының атынан қырық сегіз әйел қатысты.
Семинардан кейін 23-26 қыркүйекке жоспарланған қазақтілді қатысушыларға арналған төрт күндік қазақ тіліндегі модуль өтеді.
Екі іс-шара қабылдаушы елде гендерлік ұстанымды ілгерілетуге және экономикалық бастамаларды кеңейтуге бағытталған Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бөлігі болып табылады.