Сөз бостандығы және диффамация істерін сот арқылы реттеу бойынша судьяларға арналған онлайн семинар
Қашан
Қайда
Ұйымдастырушы(лар)
Іс-шараның видео-жазбасын мынадан көруге болады.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Жоғарғы Сотпен, «Құқықтық медиа-орталық» ҮЕҰ-мен, Интерньюс Қазақстан және Халықаралық даму бойынша АҚШ агенттігімен (USAID) бірлесіп сөз бостандығы және диффамацияны сот арқылы реттеу бойынша семинарды 2020 жылғы 24 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткізді.
Жоғарғы Соттың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және еліміздің барлық облыстарынан келген қырық судья, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Сот Төрелігі Академиясының студенттері диффамациялық істерді сот арқылы реттеудің озық халықаралық тәжірибесімен танысты. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың (АҚЕС) судьясы АҚЕС азаматтық, әкімшілік және қылмыстық сот ісін жүргізуде диффамация туралы істерді қалай қарастыратыны туралы өз білімдерімен және тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар диффамациялық істердің Еуропалық сотта қарастыру бойынша халықаралық стандарттары туралы білді.