ЕҚЫҰ Казахстанда ақпаратқа қол жеткізу бойынша онлайн дискуссияны қолдауда
Мемлекеттік органдардан, ғылыми ортадан, азаматтық қоғамнан және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты мемлекеттік емес ұйымдарынан 35-ке жуық қатысушы Қазақстандағы ақпаратқа қол жеткізуге арналған онлайн дискуссияға қатысты. 2 қыркүйекте өткен іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен «Құқықтық медиа-орталығы» ҮЕҰ бірлесіп ұйымдастырды.
Құқықтық медиа-орталығы қатысушыларға ақпаратқа қол жетімділік туралы ұлттық заңнамаға шолу жасап, әртүрлі санаттағы ақпаратты жіктеу, ақпаратқа қол жеткізу құқығын қорғау және ашықтық, есеп беру мәселелері бойынша ақпарат берді. Ұлттық сарапшы қызметтік бабында пайдалануға арналған ақпаратты (қызметтік пайдалануға арналған құжаттарды) реттейтін құқықтық актілерге құқықтық талдау жасады. Қатысушылар сондай-ақ бюджет шығыстары туралы ақпараттың қол жетімділігі, әртүрлі мемлекеттік органдардың ресми ақпаратқа қол жетімділігін реттейтін рәсімдер және азаматтық қоғамның ақпаратқа қол жетімділігін реттейтін заңнамалық процеске қатысуы мәселелерін талқылады.
Іс-шара Офистің ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігін және сөз еркіндігін ілгерілету қызметінің құрам бөлігі болып табылады.