Журналистер мен блогерлер кәсіби жұмысын атқарғанда кездесетін құқықтық қауіптер ЕҚЫҰ онлайн семинарының назарында
2020 жылы 13 тамызда Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі журналистер мен блогерлер жұмысындағы құқықтық қауіптер бойынша онлайн семинарды ұйымдастырды.
Іс-шара БАҚ саласындағы заңнамаға арналды. Талқылаулар ар-намысты қорғау туралы сот істеріне, сондай-ақ өзінің суреттелуіне байланысты құқық және балалардың құқықтарына қатысты өтті. Семинар БАҚ саласындағы мамандардың Қазақстандағы БАҚ заңнамасы туралы хабардарлығын арттыруға және журналистер мен блогерлердің күнделікті жұмысында тиімді қолдануға бағытталды.
Іс-шараға 55-ке жуық БАҚ, ғылыми орта, азаматтық қоғамның өкілдері мен заңгерлер қатысты. Тәжірибелік жаттығулар барысында қатысушылар мемлекеттік органдармен және басқа да мүдделі тұлғалармен, соның ішінде жұртшылықпен, ақпарат алуға және таратуға қатысты кәсіби тұрғыда өзара әрекеттесу, сондай-ақ тиісті сот преценденттерін талдау арқылы өз мамандығы бойынша құқықтық қауіптерді болдырмауды үйренді.
Бұл іс-шара ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ дамуына қолдау көрсету және пікір білдіру бостандығы бойынша Бағдарламалар офисінің жұмысының бір бөлігі болып табылады.