ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Алматыда есірткімен байланысты ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша симуляциялық жаттығуды қолдауда
Есірткінің саудасынан алынған ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша ЕҚЫҰ ұйымдастырған апталық симуляциялық жаттығу 2019 жылдың 13 желтоқсанында Алматыда аяқталды. Ол Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығында (ОАӨАҮО) өткізілді.
20-ға жуық полиция офицерлері, прокурорлар, Қаржылық мониторингі комитетінің оңтүстік өңірлерінен келген қызметкерлері және жеке сектордың өкілдері оқу жаттығуға қатысты.
Оқу жаттығу есірткілердің заңсыз айналымы мен саудасынан алынған кірістерді жылыстатумен байланысты істер бойынша тергеу, қылмыстық қудалау және сот шешімдерін шығарумен айналысатын құқық қорғау органдары офицерлері үшін әзірленді. Сонымен бірге қатысушылар қылмыскерлер өзінің заңсыз іс-әрекеттерін жасыру үшін онлайн-құралдарын қолданатын жеке субъектілермен ынтымақтастықтың ерекшеліктерімен танысты. Қатысушыларға арналған бейне материал түсірілісі кәсіби актерлер қатысуымен дайындалды. Актерлер есірткінің заңсыз айналымын және оларды сатуды ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтың мүшелерін бейнелеп көрсетті. Оқу-жаттығудың сценарийін әзірлеуге қатысқан Беларусь пен БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының халықаралық сарапшылары оқу-жаттығу барысында қатысушылардың жұмысын бақылап бағалады.
Іс-шара Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің халықаралық есірткімен күрес және заңдылықты сақтау бағдарламасымен және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен және де ОАӨАҮО-мен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
Симуляциялық жаттығу Бағдарламалар офисінің тиісті басқаруды ілгерілету, ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға, сондай-ақ есірткілердің заңсыз айналымы мен саудасына қарсы, соның ішінде онлайн құралдарды қолданумен, іс-қимыл қолдану бойынша көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.