ЕҚЫҰ Қазақстанда табиғатты қорғау заңнамасын сот ісінде қолдану бойынша семинарды қолдайды
2019 жылдың 25 қарашасында Семей қаласында, Шығыс Қазақстанда, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі табиғатты қорғау заңнамасын қолдану және ақпаратқа қол жеткізу, қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу (Орхусс конвенциясы) туралы семинарды қолдады.
Іс-шараға қатысқан үкіметтік, сот, ғылыми және үкіметтік емес секторлардың 44-ке жуық өкілдері, Қазақстанның табиғатты қорғау заңнамасын азаматтық істерде қолдану мәселелері мен қатар Орхусс конвенциясының сақталуына байланысты проблемалық мәселелерін талқылады. Қатысушылар экологиялық басқару саласындағы әкімшілік және экономикалық құқық бұзушылықтарды, оның ішінде Қазақстандағы экологиялық заңнаманы сот арқылы қолдану мәселелерін қарады.
Семинарды Нұр-сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе отырып ұйымдастырды.
1998 жылы қабылданған Орхус конвенциясы азаматтар мен азаматтық қоғам ұйымдарының қоршаған ортаны басқару мәселелеріндегі рөлін арттырады және ұжымдық демократия қағидатына негізделген. Ол қоғамдық құқықтарды қамтамасыз етеді және тараптар мен мемлекеттік органдарға ақпаратқа қол жетімділікті және қоғамның экологиялық шешімдер қабылдауға қатысуын және экологиялық мәселелер бойынша сот төрелігіне қол жетімділігін қамтамасыз ету міндеттерін жүктейді.
Бұл іс-шара Бағдарламалар офисінің қоршаған ортаны тиімді басқаруды ілгерілету және қабылдаушы елге оның Орхус конвенциясы бойынша міндеттемелерін орындауға көмек көрсету бойынша көп жылдық қызметінің бір бөлігі болып табылады.