ЕҚЫҰ Қазақстанда шекара қызметінің өкілдеріне арналған трансұлттық қылмысқа қарсы және шетелдік терроршы-жауынгерлерді анықтау бойынша курсты өткізуде
Трансұлттық қылмысқа қарсы және шетелдік терроршы-жауынгерлерді анықтау бойынша үш күндік оқу курсы 2019 жылдың 28 қарашасында Ақтау қаласында аяқталды.
Оқу курсы Нұр-сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен, ЕҚЫҰ Трансұлттық қауіп-қатерлер департаментінің Шекара қауіпсіздігі және шекараларды басқару бөлімімен, Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің халықаралық есірткімен күрес және заңдылықты сақтау бағдарламасымен, және Қазақстанның Шекара қызметімен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
Грузия, Интерпол, ЕҚЫҰ Трансұлттық қауіп-қатерлер департаменті және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымының сарапшылары бірінші және екінші қатардағы 25 шекара қызметкерінің алдында презентацияларымен сөз сөйледі.
Сарапшылар қатысушыларды халықаралық, өңірлік және ұлттық құқықтық шеңберлермен, Интерполдың деректер базасын тиімді пайдаланумен және құжаттар қауіпсіздігінің ерекшеліктерімен таныстырды. Курстың барысында шекараларда мүмкін шетелдік терроршы-жауынгерлерді анықтау үшін қолданылатын тәуекелдерді талдау моделдерінің маңыздылығы, сондай-ақ алдағы жағдайлар, беталыстар және ағымдағы жағдай талқыланды. Қатысушылар жалған құжаттарды және алаяқтарды табу бойынша тәжірибе сабақтарын өткізді, сонымен бірге шетелдік терроршы-жауынгерлердің мінез-құлық көрсеткіштерін түсінуге бағытталған интерактивті жаттығуларға қатысты.
Іс-шара зомбылық экстремизм мен терроризмге алып келетін радикалданумен күреске бағытталған ұзақ мерзімді қолдау табатын жобалардың бір бөлігі болып табылады.