ЕҚЫҰ Жайық өзенінің су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша Қазақстан және Ресей арасындағы екі жақты кездесуді қолдайды
2019 жылдың 7 қарашасында Батыс-Қазақстан облысының Орал қаласында су ресурстарындағы климаттың өзгеруін бағалауды қоса алғанда Жайық (Орал) өзенінің су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану бойынша ЕҚЫҰ қолдауымен техникалық отырыс өткізілді.
Іс-шара Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және Халықаралық суларды бағалау орталығымен ұйымдастырылды.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, азаматтық қоғамының, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің су ресурстарын басқару бойынша ұйымдарының жиырма шақты өкілі әр ел үшін әзірленген жеке іс-әрекет жоспарларын талқылады. Сондай-ақ олар Жайық өзенінің су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша бірлескен іс-шараларын қарастырды.
ЕҚЫҰ қолдаған Қазақстанның және Ресейдің сарапшылары екі ел климат өзгерістерінің салдарын жеңілдету үшін өздерінің аймақтарында өз бетімен жүргізетін шаралар туралы қорытындыларды ұсынды және Жайық өзенін тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін ынтымақтастықтың бірлескен облыстарын анықтады. Есептер жайық өзенінің трансшекаралық ресурстарын бірлесіп пайдалану және қорғау бойынша үкіметтік Қазақстан-Ресей комиссиясының қаралуына және қабылдауына ұсынылады.
Аталған іс-шара су ресурстары бойынша трансшекаралық диалогқа қолдау көрсету және су ресурстарын тұрақты басқару туралы мемлекеттік басқаруды арттыру бойынша Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің тұрақты күштерінің бөлігі болып табылады.