ЕҚЫҰ Қазақстандағы Экологиялық Кодекс жобасының қағидасын талқылау жөніндегі дөңгелек үстелді қолдайды
2019 жылғы 1 қазанда Нұр-Сұлтанда ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстандағы Экологиялық Кодекс жобасының қағидасын талқылау жөніндегі дөңгелек үстел өтті.
Талқылауға Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінен (Экология Министрлігі), парламенттен, бизнес сектордан және үкіметтік емес ұйымдардан келген 50-ден жуық өкіл қатысты.
Іс-шараны ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі Қазақстанның Экологиялық ұйымдар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Экология министрлігі мен үкіметтік емес сектор өкілдері Экологиялық кодекс жобасының ағымдағы күйін және тиісті заңнаманың дайындығын талқылады. Қатысушылар кодекс жобасындағы негізгі күрделі мәселелерді анықтап, оны жақсарту бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
Мемлекеттің негізгі экологиялық құжаттының жаңа редакциясымен жұмыс 2017 жылы басталды және жаңа редакциясы 2019 жылдың соңында бекітіледі деп күтілуде. ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясымен бірлесіп стратегиялық экологиялық бағалау және қоршаған ортаға әсеріне баға беру туралы тарауларды әзірлеуге қатысты. Сонымен қатар Офис осы құжаттарды негізгі мүдделі тараптардың қатысуымен қоғамдық талқылауларды қолдайды.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің қабылдаушы мемлекетте «жасыл» экономика принциптерін ілгері шығару және экологиялық қауіпсіздікті нығайту үшін тұрақты даму принциптерін енгізу бағытындағы ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.