ЕҚЫҰ Қазақстанда дағдарыс жағдайындағы келіссөз жүргізушілер үшін симуляциялық жаттығуды қолдауда
2019 жылдың 20 қыркүйегінде Нұр-Сұлтанда өткен симуляциялық жаттығудың басты назарында бүкіл Қазақстаннан келген дағдарыс жағдайында келіссөз жүргізушілердің әлеуетін арттыру болды. Іс-шара ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі, Нұр-Сұлтандағы Израиль елшілігі, Қазақстанның Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп ұйымдастырылған бес күндік оқу семинарының қорытынды кезеңі болып келді.
Курсты израильдік полиция сарапшылары тұтқынға алу секілді дағдарыс жағдайына жауап беруде мемлекеттік қызметкерлерді үйрету және келіссөз процесін басынан аяғына дейін басқару мақсатында жүргізді. Тақырыптар қатарында белсенді тыңдау, жедел әрекет ету, келіссөздер топтарының құрылымы, уақытты басқару, келіссөздерде ақпарат жинаудың тактикалық рөлі, байланыс құралдары, үшінші тараптар және үйлестірілген жауапты ұйымдастыру болды. Бұл сессиялар израильдік полицияның тәжірибесінде болған нақты істерге негізделген техникалық талқылаулар мен практикалық жаттығулармен толықтырылды.
ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Диана Дигол: «Тәжірибе мыңдаған кеңестерден пайдалы болып келеді, әсіресе дағдарыстық жағдайларға тап болған кезде. ЕҚЫҰ қауіпсіздік мәселелерінде тәжірибе алмасуға әрдайым жәрдемдесуге ұмтылады және Израиль полициясы осы күш-жігерде тамаша серіктес болып табылды. Осы іс-шара арқылы біз Қазақстан бойынша дағдарыстық жағдайлардағы келіссөз үдерістеріндегі қауіпсіздікті арттыруға өз үлесімізді қосамыз деп үміттенеміз».
Израиль мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Лиат Вексельман былай деді: «Израиль мемлекеті Қазақстанмен, Орталық Азиядағы біздің жақын одақтасымыз және әріптесімізбен, жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді. Атап айтқанда, Израильдің құқық қорғау органдары ақпарат алмасуға, дағдарыстар мен келіссөз процестерін басқару бойынша өзінің жоғары білікті және алынған тәжірибесімен бөлісуге, сондай-ақ қазақстандық әріптестермен қарым-қатынасты кеңейтуге дайын. Бүгінгі тренинг екі жыл қатарынан өткізіліп келеді және де бұдан әрі жыл сайын жүйелі түрде семинарлар өткізгіміз келеді».
Құқық қорғау органдары академиясының Ректоры Ергали Мерзадинов келесіні атап өтті: «Адамдармен келіссөздер өткізу бұл өте күрделі, эмоционалды шиеленісті және жауапты процесс болып табылады. Ол қызметкерлерден арнайы білімді, шеберлік пен дағдыны, сондай-ақ шығармашылық қабілеттерін көрсетуді және интуитивтік және логикалық әрекеттердің оңтайлы үйлесімін талап етеді. Келіссөздер жүргізу қызметкерлерден тұрақты тренингтермен және оқытумен қол жеткізілетін жоғары кәсіпқойлықты талап етеді. Өткен жылғы іс-шарадан алынған білім тәжірибеде қолданылды және стратегиялық құжаттарға енгізілді. Биыл біз осы тәжірибені жалғастырудамыз және израильдік келіссөзшілерге біздің прокурорлар, полиция қызметкерлері және Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері үшін іс-шара өткізуді ұсынамыз».
Іс-шара терроризмге алып келетін зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизм мен радикалдандыруға қарсы әрекет ету жөніндегі ЕҚЫҰ көпжылдық қызметінің бір бөлігі болып табылады.