ЕҚЫҰ Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге арналған ақшаны жылыстатуға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі оқу семинарын қолдауда
Ақшаны жылыстатуға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі үш күндік оқу семинары 2019 жылдың 29 тамызы күні Нұр-Сұлтанда аяқталды. Іс-шараға құқық қорғау және сот органдарының 50 жуық мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Израиль мен Литваның сарапшылары, сондай-ақ ұлттық жаттықтырушылар қатысушыларды ақшаны жылыстату жағдайларын тергеудің және соттық қудалаудың, заңсыз жолмен алынған активтерді тәркілеудің және негізгі мүдделі тараптармен, оның ішінде Қаржы мониторингі комитетімен ведомствоаралық ынтымақтастықтың озық тәжірибелерімен таныстырды. Олар сонымен қатар қатысушылар үшін қаржылық барлау деректерін дәлел ретінде пайдалану, қылмыстық активтерді іздеу және айыптау үкімін шығарусыз тәркілеуді қолдану жөніндегі практикалық сабақтарды өткізді.
Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы және Нұр-Сұлтандағы АҚШ елшілігі ұйымдастырды.
Бұл семинар Бағдарламалар офисінің ақшаны жылыстатуға және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күресті басқаруды және оған жәрдемдесуді ілгерілетуге бағытталған көпжылдық жұмысынң жалғасы болып табылады.