ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Нұр-Сұлтанда есірткімен байланысты ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша симуляциялық жаттығуды қолдауда
Есірткінің саудасынан алынған ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша ЕҚЫҰ ұйымдастырған апталық симуляциялық жаттығу 2019 жылғы 26 шілдеде Нұр-Сұлтанның жанындағы Қосшы ауылында аяқталды. Ол Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында өткізілді.
20-ға жуық полиция офицерлері, прокурорлар, Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қаржылық мониторингі комитетнің қызметкерлері және жеке сетордың өкілдері оқу жаттығуға қатысты.
Оқу жаттығу есірткілердің заңсыз айналымы мен саудасынан, соның ішінде онлайн құралдардың қолданылуымен, алынған кірістерді жылыстатумен байланысты істер бойынша тергеу, қылмыстық қудалау және сот шешімдерін шығарумен айналысатын құқық қорғау органдары офицерлері үшін әзірленді. Сонымен бірге қатысушылар қылмыскерлер өзінің заңсыз іс-әрекеттерін жасыру үшін қолданатын жеке субъектілермен ынтымақтастықтың ерекшеліктерімен танысты. Есірткілердің айналымы мен саудасымен айналысатын трансұлттық қылмыстық топтың іс-әрекетін модельдеуге кәсіби әртістер қатысты.
Іс-шара Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің халықаралық есірткімен күрес және заңдылықты сақтау бағдарламасымен және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен ынтымақтастықта ұйымдастырылды. Сондай-ақ оқу жаттығуды өткізуге Заңсыз есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына қарсы күрес Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіруші орталығы қолдау көрсетті.
Симуляциялық жаттығу Бағдарламалар офисінің тиісті басқаруды ілгерілету, ақшаны жылыстату мен терроризмді қаржыландыруға, сондай-ақ есірткілердің заңсыз айналымы мен саудасына қарсы, соның ішінде онлайн құралдарды қолданумен, іс-қимыл қолдану бойынша көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.