ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстанда зомбылық экстремизм үшін сотталғандардың оңалтуы бойынша семинарды қолдауда
Зомбылық экстремизм үшін сотталғандардың, соның ішіде қайтып келген шетелдік терроршы-жауынгерлерді оңалтуға қолдау көрсету бойынша семинар ЕҚЫҰ қолдауымен 2019 жылғы 26 шілдеде Нұр-Сұлтанда аяқталды.
Үшкүндік семинар Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лауазымды тұлғалары, сонымен қоса академиялық орта мен азаматтық қоғамның өкілдерін құрайтын 50-ге жуық қатысушыларды жинады. Олар зомбылық экстремизмімен байланысты қылмыстар үшін сотталғандармен жұмыс жасау бойынша түрме жүйесінде қолданылып жатқан әдістер мен практикаларды зерттеді, сондай-ақ жергілікті және Канада мен Қырғызстаннан келег нсарапшылармен өз пікірлерімен алмасты.
Презентацияларда зомбылық экстремизм үшін сотталғандардың классификациясының басты әдістері, тәуекелдер мен қажетіліктерді бағалау, және де түрмеден босатылып шыққандардың оңалтуы мен пробациясы бойынша зерттеулер ұсынылды. Сонымен бірге қатысушылар сотталғандардың классификациясы жүйесін әзірлеу мен енгізу мәселелері бойынша өзекті проблемалар мен алынған сабақтарды талқылады.
Семинар түрмелердегі зомбылық экстремизмін алдын алу бойынша Есірткі мен қылмыс бойынша БҰҰ басқармасы, БҰҰ Контртеррорлық басқармасы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Контртеррорлық комитетінің Атқарушы директораты іске асырып жатқан БҰҰ жаһандық бастамасының бөлігі ретінде ұйымдастырылды.
Бағдарламаны Еуропалық Одақ, Нидерланды Корольдігінің Үкіметі және БҰҰ Контртеррорлық басқармасы тең қаржыландырады.
Осы семинарды өткізудегі ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисінің қолдауы оның зомбылық экстремизммен және терроризмге алып келетін радикалданумен күреске бағытталған жобаларының ұзақ мерзімді қолдаудың бір бөлігі болып табылады.